Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан американдық ардагер 110 жасында дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең егде ардагері дүниеден өтті, деп хабарлады АВС телеарнасы.

    Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан американдық ардагер 110 жасында дүниеден өтті

«Екінші дүниежүзілік соғыстың ең егде америкалық ардагері Фрэнк Левингстон 110 жасында дүниеден озды», - делінген хабарламада.

Ол 1942 жылы 6 қазанда АҚШ әскеріне қабылданған.

«Ағам 1905 жылы 13 қарашада туылған. Ол ата-аналарынан жастай айырылған, - деді інісі арнаға берген сұхбатында. Ол Левингстонның мүлдем үйленбегенін, балалары жоқ екенін қосты.

Соғыс ардагері Американың 19 президентін көрді. Левингстон 110 жасқа қараған шағында Ақ үйден қызметі үшін алғыс хат алды.