Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтар туралы құжаттар кітап болып шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтар туралы 15 елдің архивінен алынған мәліметтер кітап болып басылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін Satbayev University оқу орнының қабырғасында «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар: шетелдік мұрағаттардағы құжаттар, 1 том»  жинағының тұсауы кесілді.

Іс-шара Тәуелсіздік күніне арналып және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Сонымен қатар, Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған  «Архив-2025» жобасына жүктелген міндетке негізделген.
null 

Бірінші томда Еуропа елдеріндегі архивтерден алынған Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтар туралы мәліметтер жарияланған. Жинақ 15 шетелдік архив және Ұлыбритания, Франция, Норвегия, Ресей мен Финляндия елдерінің кітапханалары және музейлерінен алынған құжаттардан тұрады. Сонымен қатар, майдангерлердің жеке мұрағаттарынан алынған құжаттар енген. Материалдардың дені алғаш рет жарияланып отыр.

Бұл еңбекті жазу барысында қазақстандық ғалымдар тарихты барынша жүйелі және кешенді түрде зерттеуге тырысқан. Жинақ авторларының бірі, тарих ғылымдарының  докторы Гүлнәр Меңдіқұлова осы сынды еңбектердің маңызын айтып өтті.
null 

«Әскери адамдардың айтуынша, соңғы сарбаз үйіне жетпесе - соғыс біткен жоқ деген сөз. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, қазіргі таңда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтардың 350-600 мыңы әлі хабарсыз кеткендердің қатарында болып есептеледі. Дәл осы орайда, бірінші томда жарияланған тізімдегі бірнеше мың адам табылып,  қайта өз үйлеріне оралғаны туралы айтқымыз келеді», - деді Гүлнәр Меңдіқұлова.

Аталмыш зерттеу жұмысы пәнаралық сипатқа ие және тарихи ғылым, әскери тарих және әлеуметтік ғылымдар бағыттарын қамтиды. Жарияланған құжаттар студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, ғалымдар мен тарихшыларға, әскерилерге және жалпы Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарихқа қызығушылық танытатын адамдарға арналған.

null 

Соңғы жаңалықтар