Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен 200-ден астам сарбаздың туыстары іздестірілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордалық «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі екінші дүниежүзілік соғыста майданда қаза тапқан 200-ден астам сарбаздың туыстарын іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз жауынгерлердің ұрпақтарын іздейміз! Таратуларыңызды сұраймыз! Олардың жерленген орындары белгілі. Іздеу жұмыстарын «Atamnyn Amanaty» қоғам бірлестігі жүргізеді. Аты-жөндері, ауыл-аймақтардың аттары бұрмаланып жазылуы да мүмкін. Атаңыздың аты-жөні тізімде болса, бізге міндетті түрде хабарласыңыз», - деп жазды ұйым Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Ұйым жариялаған тізімде 218 есім бар.
Атап өтілгендей, фамилияларда, атауларда, жер атауларында бұрмаланулар болуы мүмкін.