Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін Қытай қойды -Н.Назарбаев

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы Жеңіс күнін Екінші дүниежүзілік соғыстың нүктесі ретінде қарастыру қажет. Бүгін Қытайдың «Дяоюйтай» мемлекеттік сарайында баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Біз Қытайға жеңістің 70 жылдығы аясында келдік. Бұған қоса біз тарихтан Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесі дәл осы жерде, милитаристік жапония тізе бүккенен кейін қойылғанын білеміз. Біздің есімізде қалғанындай, Кеңес одағынан соғыс барысында 27 млн. адам, қытайлықтардан 35 млн. адам қаза тапты. Квантундық топты талқандау барысына қазақстандықтар да қатысып, осы жерде жерленді. Сондықтан да бұл тұрғыда біздердің ынтымақтасар тұсымыз бар», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Елбасы әскери шерудің кеңестік мұра екендігін баса атап өтті. «Өздеріңізде білетіндей әлемде шеруге баса мән берілмейді. Жеңістің 50 жылдығында мен Париждегі шеруге қатыстым. Онда Триумфальді арка төңірегін жауынгерлер мен Франуцз легионы айналып өтіп, сонымен бәрі аяқталды. Лондонда да патшайымның қатысуымен үлкен шеруде ғибатат ету рәсімі жасалды. Сол соғыста қаза тапқан миллиондаған адамдарға құрмет көрсету және тағзм ету үшін, зұлматтың тағы да қайтланбауы үшін мұны тағы жасау қажет деп санаймын. Сондықтан да Мәскеу соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнына жүктеген Кеңес одағының өзегі ретінде, бұрынғы Кеңес одағының атынан осындай әскери шеруді өткізуге, ол соғысқа қатысқандардың, оның ішінде қазақстандықтардың да ерлігін атап өтуге толығымен құқылы», - деді ҚР Президенті. Бейжің шеруінің мән-мағынасына да кеңінен тоқталған Н.Назарбаев сөз арасында Жапонияның Қытайды жаулап алуы 1937 жылы басталғанын қаперге салып өтті. Елбасының атап өтуінше, осы соғыс барысында Кеңес одағы 27 млн. адамнына айырылса, Қытайдың 35 млн. адамы да осы соғыста көз жұмған болатын. «Демек, 3 қыркүйекте Жапонияның тізе бүгуі Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы деп саналады. Ол дәл осылай түсіндіріледі де», - деді Н.Назарбаев.

Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен, үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері өтіп, 12 екіжақты құжатқа қол қойылған болатын. Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.

Соңғы жаңалықтар