Екінші қазақстандық KazEOSat-2 спутнигі маусымда ұшырылады - Қазғарыш

АСТАНА. ҚазАқпарат - KazEOSat-2 қазақстандық жер серігі 2014 жылдың маусым айында ұшырылады, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі.

Екінші қазақстандық KazEOSat-2 спутнигі маусымда ұшырылады - Қазғарыш

«Оренбург түбіндегі «Ясный» іске қосу базасында жерді қашықтықтан зондтайтын KazEOSat-2 жер серігін орбитаға шығаратын «Днепр» зымыран-тасығышын ұшыруға дайындық басталып кетті», - делінген хабарламада.

ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі мониторингілік ақпаратты жедел алуда және экономиканың түрлі саласындағы мәселелерді шешуде Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылуда.

ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі екі ғарыш аппаратынан және деректерді қабылдау, өңдеу, таратуға арналған бір жерүсті кешенінен тұрады. Естеріңізде болса, KazEOSat-1ғарыштық аппараты 2014 жылдың 30 сәуірінде Куру ғарыш айлағынан ұшырылған болатын.