Екінші тур қажет емес -РФ президенті сайлауында В.Путин басымдықпен жеңіске жетті - алдын ала қорытынды

МӘСКЕУ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин сайлаушылардың 64,72 пайызына ие болды, деп хабарлады Ресей ОСК хаттамалардың 80 пайызын өңдегеннен кейін (жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00 мәліметтері).
None
None

Екінші орында 17,10 пайыз жинаған РФКП-нан кандидат Геннадий Зюганов тұр. Өзін өзі ұсынған Михаил Прохоров 6,99 пайыз, РЛДП-ның көшбасшысы Владимир Жириновский - 6,37 пайыз, «Әділетті Ресей» партиясының көшбасшысы Сергей Миронов  3,74 пайызға ие болды. Жалпы алғанда сайлаушылардың сайлауға келуі 64 пайызды құрады.

 Бірінші айналымда жеңіске жету үшін кандидатқа 50 пайыздан астам дауыс алу керек.  В.Путин бұл сынақтан сүрінбей өтті.

 Ресейдегі сайлау алғаш рет бүкіл ел бойынша сайлау учаскелерінде орнатылған веб-камералардың бақылануымен өтті. Кеше дауыс беру тәртібін ғаламтор арқылы миллионнан астам адам бақылады.

Соңғы жаңалықтар