Екінші жарты жылдыққа белгіленген индустриялық жобалар Елбасына желтоқсанның 20-сында таныстырылады
/em>Қазанның 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобаларын Елбасына таныстыру желтоқсанның 20-сына белгіленіп отыр. Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты.
Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, қарашаның үшінші онкүндігінде индустрияландыру бойынша жобаларды іске асыру барысына арналған селекторлық кеңес өтеді. «Ал, желтоқсанның 20-сына қарай біз бұл жобаларды Елбасына таныстыратын боламыз»,-деп атап өтті Премьер-Министр.
Осыған байланысты К. Мәсімов вице-премьер Әсет Исекешевке таныстырылатын жобалар тұрғысында үйлестіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. «Сондықтан да, бұл жобаларға жауапты адамдар осы мәселені ұдайы бақылауда ұстауы қажет»,-деді Үкімет басшысы.