Экипаж құрамында ғарышкер А. Айымбетов бар «Союз» кемесі 12 қыркүйекте қонады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық әскери округтің әскери және көлік авиациясы «Союз ТМА-16М» халықаралық көліктік басқарылатын кеме экипажын қарсы алу үшін Қазақстан аэродромдарына ауыстырылды.

Экипаж құрамында ғарышкер А. Айымбетов бар «Союз» кемесі 12 қыркүйекте қонады

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Союз» кемесінің қонуын іздеу-құтқару қамтамасыз ету жұмыстарына 200-ге жуық әскери қызметші, арнайы жабдықталған 14 Ми-8 тікұшағы, төрт Ан-12 және Ан-26 ұшақтары, жоғары өтімділікпен төрт іздеу-эвакуалиялау машинасын қоса алғанда, 15 бірлік автотехника қатысады», - деді ол.

Ресей Қорғаныс министрінің өкілі нақтылағандай, кеме 12 қыркүйекте сағат 3:52-де (мск) Жезқазған қаласына 146 шақырым жерде қонады деп жоспарлануда. Жерге ХҒС экипажының 9 мүшесінің үшеуі қайта оралады, олар: ресей ғарышкері Геннадий Падалка, ғарыштағы бірінші қазақстандық Айдын Айымбетов және даттық астронавт Андреас Могенсен.

Ғарыш кемесінің қонуын қамтамасыз ету бойынша кезекшілік Екатеринборда ӘӘК мен ӘҚҚ 14-ші армиясы жауынгерлік басқармасы орталығында ұйымдастырылды.