Екіжақты қатынастар арта түседі деген үміттеміз - Польша Президенті Б.Коморовский
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Польша Республикасының Президенті Бронислав Комаровский президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады.
«Құрметті Президент мырза,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз.
Польша Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы жан-жақты дамуын айрықша ықыласпен бақылап отыр және былтыр ЕҚЫҰ-дағы төрағалықпен мазмұндалған Сіздің еліңіздің халықаралық сахнадағы өсіп отырған белсенділігін қанағаттанарлықпен атап көрсетеді.
Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыздың қарқыны арта түседі деген үміттеміз», - делінген құттықтауда.