Екінші АЭС салуға қайтадан референдум өткізілмейді – Энергетика министрі

АСТАНА. KAZINFORM — Екінші АЭС салуға қайтадан референдум өткізу керек пе? Бұл сұраққа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді.

Сатқалиев
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Айта кетейік, 2024 жылы 6 қазан күні қазақстандықтар алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

- Референдум өткізудің қажет жоқ. Заңнамаға сәйкес аталған станция Үкіметтің шешімі аясында салынады, - деп нақтылады Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы АЭС құрылысын тездетуді тапсырды.

Президент өз сөзінде Үкімет пен Парламент екінші ядролық стансаны қай аймақта салу қажет екені жөнінде ұсыныс беруі керек екенінін атап өтті.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде салынуы мүмкін екінші және үшінші АЭС құрылысына арналған аумақтарды анықтау жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар