Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығы медалі беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрлігі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандарды жеңістің 80 жылдығына арналған медальмен марапаттау туралы Президент Жарлығының жобасын көпшілік талқылауына шығарды.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығы медалі беріледі
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Қорғаныс министрлігі «1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және өзге де қатысушыларына салтанатты түрде құрмет көрсету үшін әзірленді. Жарлық жобасымен «1941 — 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі тағайындалып, медальмен наградтау қағидалары және сипаттамасы бекітіледі, — деп жазылған баспасөз-релизде.

Бұған дейін Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығын Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында атап өту туралы ұсыныстар айтылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар