Эколог Мэлс Елеусізов қазақстандықтарды ағаш отырғызуға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5 сәуірде «Табиғат» экологиялық одағының бастамасымен дәстүрлі ағаш отырғызу акциясы өтеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында экоодақ төрағасы Мэлс Елеусізов айтты.

Эколог Мэлс Елеусізов қазақстандықтарды ағаш отырғызуға шақырды

«Ағаштар Райымбек кентінде, Алматы-Бішкек күрежолының 15-шақырымында отырғызылады. Онда ландшафтылық саябақ жасау көзделуде, бұл оңай емес. Бұл араға жеке үй салғысы келетін құрылысшылар да көз тігіп отыр», - деді танымал эколог.

Ол елімізде ағашқа немқұрайды қарау етек алғанын қынжылыспен әңгіңмеледі. «Айталық, біз өткен жылы отырған көшеттердің жартысы қазірдің өзінде қаскөйлікпен жойылған», - деп мәлімдеді М.Елеусізов.

Ол сондай-ақ әрбір қазақстандықты бір-бірден ағаш отырғызып, «Табиғат» экоодағының «жасыл акциясын» қолдауға шақырды.