ЭКОЛОГИЯ: Астанада 5000 астам ағаш отырғызылып, 9 млн-нан астам гүл егіледі (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Зеленстрой» АҚ негізгі қызметі қаламызда ағаштар отырғызып, оларды күтумен айналысады. Биыл компания көшелерде, саябақтар мен бақтарда 5000 астам ірі ағаш отырғызады. Сонымен қатар, 9 млн-нан астам түрлі бір жылдық гүлдер жазда қала көркін келтірмек, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметнен.

ЭКОЛОГИЯ: Астанада 5000 астам ағаш отырғызылып, 9 млн-нан астам гүл егіледі  (ФОТО)

Биыл «Астана-Зеленстрой» АҚ әуежайға, Рождественкаға, Қорғалжын тас жолына шығатын жолдарды әсемдейді. Бұл жерлерде компания 300 мыңнан астам ағаш, 4 мың бұта және 1,2 га гүлзар отырғызады. «Астана-Зеленстрой» АҚ басқарма төрағасы Жарқын Жұмағұловтың айтуынша, қаладағы барлық субұрқақтар 1 мамыр күні таңғы сағат 8.00-де іске қосылады. Бүгінгі таңда субұрқақтарды қыс маусымынан кейін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. «Астана-Зеленстрой» АҚ қарауында 40 субұрқақ кешені бар, оның ішінде, «Алматы» ауданында - 14, «Есіл» ауданында - 16, «Сарыарқа» ауданында - 10. Компания «Алматы» ауданының «Қазақ елі», «Тәуелсіздік», «Әзірет Сұлтан» мешітінің, Б. Момышұлы ескерткішінің алдындағы, Президент саябағындағы, «Жастар», «Колос» және «Бұлақ» субұрқақтарындағы фанерадан жасалған жабындар жөнделуде. «Есіл» ауданында «Музыкалық», «Дөңгелек алаң», «Квадратный», «Астаналық цирк» субұрқақтарындағы жабындарды қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді, «Құрманғазы», Есіл саябағындағы субұрқақтарда жұмыс жалғасуда. «Сарыарқа» ауданында «Өмір ағашы» субұрқағы мен «Мәскеу» бағындағы субұрқақтары қалпына келтірілді. Абай даңғылы, Желтоқсан көшесінің бойындағы бақтың субұрқақтарында гранит плиталарды тазалап, жөндеу басталды. Дәстүр бойынша субұрқақтар 1 мамыр күні іске қосылады.