ЭКОЛОГИЯ: Азиядағы таулардың экологиялық жүйесі ғалымдардың алаңдаушылығын туғызды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал астанасы Катманду қаласында Азияның биік тау шыңдарындағы мұздақтардың еру проблемасына арналған 6 күндік форум өтіп жатыр. Ғылыми жиынға 26 елден 250 маман жиналды, деп хабарлайды ТАСС.
«Конференция мақсаты - Гималай, Гиндикуш, Памир және Тянь-Шань тау шыңдарындағы мұздақтар мәселесінің талқылану аясын кеңіту», - дейді «Integrated Mountain Development» халықаралық орталығының директоры Дэвид Молдэн. Сарапшылардың мәліметі бойынша, Азияда 64 мың шаршы метр аумақты алып жатқан 54 мың мұздақтар шоғыры болған. Алайда, соңғы 30 жылда бұл көрсеткіш 24 пайызға азайған. Аталған мәселе ғалымдардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Себебі, мұзды метаморфозалар бүкіл Азияда күрделі экологиялық ауытқуларға себеп болуы мүмкін. Таулы аудандарды кешенді игеру бойынша Халықаралық орталық - 1983 жылы құрылған. Ол: Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан, Қытай, Непал, Бутан, Мьянма және Бангладеш мамандарының басын біріктіреді. Ұйымның негізгі мақсаты - Азия тауларының экожүйесін зерттеу.