Экология мәдениеті: «Жасыл аймақ» апталығы Абай облысының Ақсуат ауданында

Абай облысы
Фото: Абай облысының әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан тұрғындары көшелерді тазалау жұмыстарын қолға алып, Қабанбай батыр ескерткішінің аумағын тазартты.

Абай облысы
Фото: Абай облысының әкімдігі

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауы үшін Қабанбай батыр ескерткіші тұрған саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ескерткіштерді қалпына келтіру, жуу, шөп шабу, қалдықтарды жинау, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандарға іргелес аумақты тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.

Абай облысы
Фото: Абай облысының әкімдігі

Акция барысында 686-ден астам азамат, белсенділер мен еріктілердің бірлескен күш-жігермен 256 000 шаршы метрге жуық жер тазартылды.

Бұдан басқа, Сәтбаев ауылында ұзындығы 1,4 км жолды орташа жөндеу жоспарланған.

Сәтбаев ауылының тұрғыны Бағлан Қабышев атап өткендей, барлық ауыл тұрғындары жолдың жөнделгеніне қуанышты.

Абай облысы
Фото: Абай облысының әкімдігі

— Жол ұзақ уақыт бойы жөндеуді қажет етті, сондықтан жөндеу басталатыны туралы хабарды бәріміз қуанышпен және ризашылықпен қарсы алдық. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жалғасады және біздің ауылға апаратын жол тегіс болады деп үміттенеміз, - деді Бағлан Қабышев.

Абай облысы
Фото: Абай облысының әкімдігі

Ақсуат ауданының «Amanat» партиясы филиалының төрағасы Ержан Құттыбаев жолдарды жөндеу, сондай-ақ елді мекендерді тәртіпке келтіру партия бағдарламасын үдемелі іске асыру екенін атап өтті.

Абай облысы
Фото: Абай облысының әкімдігі

— Сәтбаев ауылына дейінгі жолды жөндеудің арқасында енді халыққа кез келген көлікпен жүруге оңай болады. Сонымен қатар, аудан халқының барлығы дерлік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады. Бұл бәріміз үшін де өте маңызды, өйткені бұл біздің көшелерімізді ұқыпты етіп қана қоймай, бәрімізді біріктіреді, - деп атап өтті Ержан Құттыбаев.

Абай облысы
Фото: Абай облысының әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар