Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті төрағасы болып Г.Щегельский сайланды - Мәжіліс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті төрағасы қызметіне Глеб Щегельский сайланды.
«Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті төрағағасының қызметіне депутат Глеб Анатольевич Щегельскийдің кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Бұл ұсынысқа дауыс берген депутаттар оның кандидатурасын толықтай қолдады.