Экология министрі әуесқойларға киік атқызу туралы: Аңшылық ұжымдардан ұсыныс көп

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2025 жылы киік атуға әуесқой аңшылар да тартылатынын растады.

Ерлан нысанбаеы
Фото: primeminister.kz

«Киік атуға әуесқой аңшылар тартылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған не дейсіз?» — деп сұрады журналист.

«Иә, жыл басында көптеген ұсыныстар түсті. Бірақ соған қарамастан біз киікті әуесқой, спорттық бағытта атуға рұқсат бермедік. Биыл тек реттеу шеңберінде ғана „Охотзоопром“ деген мекеменің күшімен реттеу жұмысын бастап кетті», — деді ведомство басшысы.

Министр келесі жылы мұндай ұсыныстар аңшылық ұжымдардан көп түскенін айтады.

«Бірақ келесі жылы көптеген нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізіп жатырмыз. Аңшылық ұжымдардан көптеген ұсыныстардың бәрін топтап, содан бір жақсы жалпы ережені әзірлеп жатырмыз. Келесі жылға киікке әуесқой спорт аңшылықты ашуға әзірленіп жатырмыз. Оны ашып айту керек», — деді Ерлан Нысанбаев.

Соңғы жаңалықтар