Экология министрі: Былтыр өртенген Семей орманы қалпына келу үшін 40-50 жыл керек

Экология министрі: Былтыр өртенген Семей орманы қалпына келу үшін 40-50 жыл керек
Фото: elana.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев былтыр жазда отқа оранған Семей орманын қалпына келтіру үшін қанша уақыт керек екенін айтты.

«Семей орманында отқа оранған алқапты қалпына келтіру үшін қанша уақыт керек?» - деп сұрады журналист Үкімет отырысынан кейін.

Ерлан Нысанбаев қылқан жапырақты қалпына келтіру өте күрделі жұмыс екенін айтады.

«Сондағы өсіп тұрған ағаштың түрін алсақ, қарағай басым. Әрине, қарағайдың өсімталдығын қарасақ, қылқан жапырақты ағаштар өте баяу өседі. Сол себептен біз айтып отырмыз, кәдімгі орман толыққанды қалпына келу үшін 40-50 жыл керек. Сол себептен біз қаншама әрекет жасасақ та, ағаштың табиғи өсу қабілетімен байланыстырып отырмыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар