Экология министрі орманшылардың жалақысын көтеруге қатысты түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM — Орман өрт сөндіру станцияларының барлық қызметкерлеріне 100% қосымша ақы төлеу мақсатында Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде орманды қорғау тақырыбына арналған Үкімет сағатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

Штаттан тыс орманшылардың жалақысы өседі
Фото: из открытых источников

«Әлеуметтік мәселені шешу аясында былтыр 1 шілдеден бастап мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде қосымша ақы төлеу белгіленді. Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мыңнан 250 мың теңгеге дейін ұлғайды», - деді Е. Нысанбаев.

Оның атуынша, қалған қызметкерлерге (экономистер, бухгалтерлер және орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлері: тракторшылар, жүргізушілер, орман өрт сөндірушілері, радист-телефоншылар) Министрлік пен кәсіподақ арасындағы Келісім шеңберінде өткен жылы 75% қосымша ақы қарастырылды.

«Сонымен қатар, орман өрт сөндіру станцияларының барлық қызметкерлеріне 100% қосымша ақы төлеу мақсатында Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Жоба уәкілетті органдармен алдын ала келісілді», - деді министр.