Экология министрі геологтарды кәсіби мерекесімен құттықтады
«Бүгін еліміздің геологтары кәсіби мереке - Геолог күнін атап өтуде. Бұл атаулы датаны осыдан 10 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев белгілеп берді.
Біз кен орындары мен саланың дамуы туралы айтқанда ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев пен оның мүдделестерін де зор құрметпен еске аламыз.
Инженер-геологтардың еңбегімен еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етіп келе жатқан барлық кен орындары ашылды десек болады», деп жазды министр Twitter -дегі парақшасында.
Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, елімізде игеріліп жатқан кен орындарының көптігіне қарамастан, Қазақстанның жер қойнауының жаңа кендер ашылуының әлі де потенциалы жоғары.
«Геология саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Жер қойнауын зерттеуде жаңа ашылулар тілеймін. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз бен жақындарыңыз аман болсын!», - деді министр.