Экология министрлігі фототұзақтың көмегімен сүтқоректілердің биоалуантүрлілігін зерттемек
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сүтқоректілердің биоалуантүрлілігін зерттеу үшін фототұзақ орнатқан.
Бұл туралы комитеттің Instagram парақшасынан мәлім болды.
Онда орнатылған құрылғылар жануарларды бақылау және есепке алу үшін өте тиімді құрал болып табылатындығы айтылады.
«Кадрлар 2024 жылы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар арқылы түсірілген. Төменде Қазақстанның таулы аймағындағы жануарлар – таутеке мен түлкінің суреттері келтірілген. Әрбір тіркелген кадр табиғатымыздың байлығын және оны қорғаудың маңыздылығын еске салады. Табиғатты сақтау үшін бірге жұмыс жасайық!»,-делінген ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram-дағы ресми парақшасында.
«Алтын-Емел» паркінде сілеусін фототұзаққа түсіп қалғанын жаздық.