16:02, 18 Қараша 2022 | GMT +5
Экология министрлігі қос аққуға көмек сұраған видеоға қатысты жағдайды түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі қос аққуға көмек сұраған видеоға қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2022 жылдың 18 қарашасында Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Д.И.Ахметов ақпарат құралдарында қос аққу туралы тараған видеодағы жерге барып, шолу жасап қайтты», - делінген министрлік мәліметінде.
Инспекция маманы оқиға орнына барғанмен, қос аққудың ізін ғана көрген.
«Ол барған кезде видеодағы жерде қос аққу жоқ болып шықты. Бірақ оқиға орнында қауырсын мен мамық, құсты сүйреткен із табылды. Бірақ кім сүйреткені белгісіз. Сондай-ақ, Сарыарқа көпірінің маңында ашық су қоймасы бар. Ол жерден инспекция маманы бір аққу мен бірнеше үйректі байқады», - деп жазылған ресми мәліметте.
Видеодан алынған кадр/t.me/astanovka98