Экология министрлігі Нұр-Сұлтандағы көне теректерді өз қамқорлығына алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев билікті Нұр-Сұлтан қаласының орталық паркіндегі көне терекке айрықша мәртебе беруге және оны сақтауға шақырған астана тұрғындарын қолдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экология министрлігі Нұр-Сұлтандағы көне теректерді өз қамқорлығына алады

«Қазақстандықтардың астана тұрғындарына белгілі 120 жылдық ерекше терек ағашын сақтау қажеттігі туралы бастамасын қолдаймын. Ол үшін барлық күшімізді салған жөн», - деп жазды М.Мырзағалиев Twitter-дегі өз парақшасында.

«Министрлік өз тарапынан ағашты сақтау жөніндегі жауапкершілікті алады. Ақпарат жазылған тақтайша орнатылады», - деп хабарлады ол.

Министр, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының белсенділеріне қоршаған ортаға қамқорлық білдіргені үшін алғыс айтып, қалалықтарды «осы табиғи бірегей байлықты аялауға шақырды».