Экология министрлігі су ресурстарын басқарудағы өзекті мәселелерді атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов су ресурстарын басқарудағы өзекті мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Климаттық факторлардан басқа, бірқатар жағдайлар су ресурстарын басқару және суға деген сұраныс мәселелеріне теріс әсер етеді. Ең алдымен, елдің оңтүстік және батыс аймақтарының көршілес елдердің су саясатына үлкен тәуелділігі. Бұл өңірлерде ел халқының жартысынан көбі тұрады және олардың өмір сүру жағдайлары сумен қамтамасыз етуге тікелей байланысты», - деді Д. Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Екіншіден, спикердің айтуынша, су экожүйелерінің қажеттіліктері «қалдық принципі» бойынша соңғы орында қалады. Бұл – Арал мен Балқаш проблемаларының басты себебі.

Үшіншіден, суды пайдалану тиімділігінің төмен болуы және су беру қызметтеріне төмен тарифтер де аса өзекті.

«Төртіншіден, су ресурстары комитеті қазіргі штат саны жағдайында су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауға толыққанды бақылауды қамтамасыз ете алмайды. Су саласын талдау мен перспективалық дамыту тиісті назарсыз қалып отыр. Су ресурстарын басқару кезінде қабылданатын шешімдерді ғылыми тұрғыдан қолдаудың аздығы және білікті кадрлардың жетіспеушілігі тағы бар», - деді комитет өкілі.

Бұған дейін Досбол Бекмағамбетов Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 23,2 текше километрге жетуі мүмкін екенін айтқан еді.


Фото: ortcom.kz
Соңғы жаңалықтар