ЭКОЛОГИЯ: Ресей мен Иран Каспий теңізінің биоалуандылығын сақтау туралы хаттамаға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Табиғатты қорғау министрлігінің басшысы Сергей Донской Иранда Каспий теңізінің экологиясын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясы негізінде теңіз биоалуандылығын сақтау туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлады РИА Новости.
«РФ қол қойған Тегеран конвенциясының үшінші тақырыптық хаттамасы ретінде Каспийдің экологиясын сақтау және биоалуандылығын қорғау үшін экологиялық міндеттерді шешу мен өңірлік экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды болып отыр», - деп мәлімдеді РФ Табиғатты қорғау министрі С.Донской. Тегеран конвенциясы БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы аясында әзірленген болатын. Оған Каспий маңы елдері: Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түркменстан үкіметі 2003 жылғы 4 қарашада қол қойған. Конвенцияны ратификациялауға үш жыл кетті. Ол 2006 жылғы 12 тамызда ғана өз күшіне енген болатын.