Экологиялық құқықтарыңызды білесіз бе

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан азаматтарының қоршаған ортаға қатысты қандай құқықтары бар және табиғатты қорғау бағытында қандай міндеттер жүктеледі? Түркістан облысы бойынша Экология департаменті осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

лето, погода, природа, цветы, тюльпаны, ботанический сад, парк
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Қоршаған ортаны қорғау – баршамызға ортақ міндет. Әр азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар және табиғатты қорғауға жауапкершілігі мол, — дейді департамен мамандары.

Сіздің құқықтарыңыз:

• қолайлы қоршаған ортада өмір сүру;
• экологиялық ақпаратты алу;
• экологиялық шешімдерді қабылдау процесіне қатысу;
• қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғану;
• экологиялық заңнаманы бұзудан келтірілген зиянды өтеуді талап ету.

Сіздің міндеттеріңіз:

• қоршаған ортаны қорғау;
• табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
• қалдықтарды белгіленген тәртіппен жинау және кәдеге жарату;
• экологиялық талаптар мен нормаларды сақтау;
• табиғатты келешек ұрпақ үшін сақтау.

Экологиялық құқықтарыңызды білесіз бе
Фото: Түркістан облысы Экология департаменті

Осыған дейін Қазақстан бастамасымен БҰҰ жаңа экологиялық күнді бекіткенін жазғанбыз.