Экологиялық кодексте күл-қоқысты қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді - Атамекен
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы күл-қоқысты қайта өңдеу жобаларына қолдау жасауға даяр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Палата төрағасының орынбасары Елдос Разановтың айтуынша, күл-қоқысты қайта өңдеп отырса, мұнайды үнемдеп отыруға болады.
«Бүгінде жаңа Экологиялық кодекстің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Аталған құжатта жасыл теxнологияларды дамыту және күл-қоқысты өңдеу шараларын кеңінен қолдану жайы көрсетілген. Осы орайда баламалы қуат көздерін кеңінен дамытуға болады деп ойлаймын. Күл-қоқысты қайта өңдеп, биогазды алуға мүмкіндік бар. Мәселен, күл-қоқыстың төрт тоннасынан бір тонна мұнай беретін жылуды алуға болады екен. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы іспетті теxнологияларды енгізуге қажетті нормативтік базаны әзірлеуге дайын» - деді Е.Рамазанов бүгін баламалы энергия көздеріне арналған xалықаралық саммитте.
Айта кетейік, аталған саммитте ҚР Энергетика вице-министрі Маxамбет Досмұxамбетовтің баламалы энергия бойынша алғаш рет ұйымдастырылған аукциондар туралы айтып берді.
«Күні кеше ғана баламалы энергия көздері бойынша көктемгі аукциондар аяқталды. 10 аукционның 8-і сәтті өтті. Сауда-саттыққа отандық компаниялар ғана емес, шетелдік инвесторлар да қатысты. Барлығы - 42 компания. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Болгария, Түркия мен Қытайдың өкілдері бар. Біз алғаш рет xалықаралық сауда-саттықты электронды форматта өткіздік. Қытысушылар 960 МВт энергияны өндіруге дайын екенін жеткізді. Аталған көрсеткіш алғашқы жоспардан төрт есеге артық болып тұр», - деді М.Дсомұxамбетов бүгін баламалы энергия көздерін дамытуға арналған саммитте.
Оның айтуынша, инвесторлар тарапынан Қазақстанда баламалы энергия нысандарын салуға деген қызығушылық жоғары болғаннан кейін аталған қуат көздерінің тарифтері төмендеді.
«Мәселен, жел электр стансаларының тарифтері 20 процентке, шағын су электр стансаларының тарифтері 23 процентке, ал күн электр стансаларының тарифтері 25 процентке түсті. Қазірдің өзінде 19 компания баламалы энергия көздерін сатып алушы бірыңғай компаниямен келісімшартқа отырып, 194 МВт энергияны өндіруге дайын. Бүгінде күзгі аукциондарға дайындық жұмыстары басталып кетті. Аталған аукциондар қазан айында ұйымдастырылады», - деп атап көрсетті М.Досмұxамбетов.