Экологтар өз тұқымдастарын жейтін каннибал-жылқы түрін тапты - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия Альпісінде каннибал-жылқылар мекен етеді. О жақта жұмыс барысында өз тұқымдасын, яғни жабайы жылқыны 3-4 жылқының жабылып жеп қойғанын көрген экологтар осындай хабар таратады.

Экологтар өз тұқымдастарын жейтін каннибал-жылқы түрін тапты - ФОТО

Негізі, жылқы малы бұндай әрекетке бармауы тиіс. Сондықтан да экологтар өздері куә болған жайға сене алар емес, деп жазады "Газета.Ru". Соған қарағанда, олар ашығатын көрінеді.

Оған дейін куәгерлер ұлттық парк аумағында ішек-қарыны ақтарылып жатқан жылқының денесін көрген. Кейінірек экологтар бұны істеген жабайы жылқылар екеніне көз жеткізген.