22:51, 12 Қаңтар 2015 | GMT +5
Экологтар: пандалардың жойылып кету қаупі бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ және Қытай экологтары үлкен пандалардың жойылып кету қаупі басым екенін ескертті, деп жазады rosbalt.ru.
Олардың жаппай жойылуына климаттық өзгерістер себеп болмақ.
Сонымен, ғалымдардың айтуынша, 2070 жылы үлкен пандалардың саны екі есеге төмендеуі мүмкін. Бұл уақытқа дейін олардың тіршілік ететін алаңы 52,9 пайыздан 71,3 пайызға дейін азаяды. Қалған аумақтар бір-бірінен алшақтай түседі, тіпті бір-бірінен байланысын үзуі де мүмкін. Келешекте бұл олардың санының едәуір азаюына әкеледі деген болжам жасалуда.
2100 жылы, олардың болжамы бойынша, орташа температура біртіндеп көтерілетін сыңайлы. Әрі Қытайда пандалар мекендейтін жерлерде жол, қала құрылыстары салынуы ықтимал.