Экономика министрі : Капиталды көп қажет ететін салаларды инвестициялауға басымдық беру керек

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Экономикада дамудың жоспарланған өлшемдеріне қол жеткізу үшін капиталды көп қажет ететін салаларды инвестициялауға басымдық беру керек.

Экономика министрі : Капиталды көп қажет ететін салаларды инвестициялауға басымдық беру керек

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу және халықтың экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, халықты «Жұмыспен қамту-2020» жол картасының іс-шараларымен барынша қамтуды қамтамасыз ету қажет», - деді министр. Сонымен қатар, Е. Досаев экономикада дамудың жоспарланған өлшемдеріне қол жеткізу және белсенділікті қолдау үшін құрылыс, инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың капиталды көп қажет салаларын инвестициялауға негізгі күшті салу керектігіне назар аударды.

«Осыған байланысты, Өңірлік даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» және «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламаларын іске асыруды және оларды іске асыруға бөлінген қаражатты игеру бойынша түбегейлі шараларды қабылдауы қажет», - деді Е. Досаев.