Экономика министрлігі мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалардың перспективалы қоржынын қалыптастырды - Б. Сұлтанов

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі еліміздің өндірістік қуаттарын тиімді орналастыру картасының құрамында мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалардың перспективалы қоржынын қалыптастырды. Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің барлық деңгейдегі әкімдермен өткізген кеңесінде бұл туралы министр Бақыт Сұлтанов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, карта қоржынында мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескерілген. «Бұл қоржын ашық және оған әлі түзетулер енгізілетін болады. Осындай қоржындар әрбір өңірлерде жасалуы тиіс. Жиналатын ақпарат екі деңгей бойынша қалыптасуы керек. Құны 1 млрд. теңгеден жоғары жобалар республикалық қоржынға, ал бұдан төмен сомадағы жобалар жергілікті қоржындарға кіргізілуге жатады. Жергілікті жерлердегі өзектілігі жоғары қоржындардың негізінде республикалық қоржын қайтадан түзілетін болады», - деді министр. «Әзірге аталған тізім жеке сектордың жобаларынан қалыптастырылған. Кейіннен біз оны бюджет қаражаты және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын жобаларды қосу арқылы кеңейтеміз», - деп қосты Б. Сұлтанов. Осы орайда министр жоспарланған өндірістерді инфрақұрылымдық және ресурстық жағынан қамтамасыз етудегі теңгерімді тәсілдердің маңыздылығын ескере отырып, инвестициялық қызметті жетілдіру жөніндегі үйлестіру жоспары әзірленгенін, бұл жұмыс 4 бағытта жүргізілетінін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар
telegram