Экономика министрлігінің жауапты хатшысы IBM корпорациясының өкілдерімен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде ведомство жауапты хатшысы Дина Шаженованың елімізге сапармен келген «International Business Machines» (IBM) корпорациясының өкілдерімен кездесуі өтті,

Экономика  министрлігінің   жауапты  хатшысы   IBM  корпорациясының  өкілдерімен  кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. IBM компаниясының АҚШ-пен ортақ бизнес мәселелері жөніндегі вице-президенті Харрис Варшав бастаған делегация өкілдерімен болған кездесудің барысында Дина Шаженова қонақтарды еліміздің негізгі басымдықтары мен міндеттерімен, Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайлармен таныстырды. Х.Варшав өз кезегінде, әлемнің негізгі елдерінің өсуін терең түсінуді және ынталандыру қамтамасыз етуге бағытталған «Жаһандық зерттеу тобы» (GET, Global Enablement Team) ауқымды бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады. Сондай-ақ IBM өкілінің айтуынша, «бағдарламаны Қазақстанда жүзеге асыру үшін бес адамнан тұратын арнайы зерттеу тобы құрылып отыр. Корпорацияның әлемнің түрлі елдеріндегі топ-менеджерлері кіріп отырған бұл топтың басты міндеті - Қазақстанның ұлттық даму бағдарламасының терең түсінуді қамтамасыз ету, бұл өз кезегінде корпорацияға Қазақстан ұстанып отырған бағытқа сәйкестенуге көмектеседі».