Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «электрондық үкімет» порталында интернет-конференция өткізеді
АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Электрондық Үкімет» (www.e.gov.kz) порталында тамыздың 15-і мен 25-і аралығында Интернет-конференция өткізеді.
Интернет-Конференция Мемлекет Басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру аясында өткізіледі және ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының І жартыжылдығы бойынша қорытындылары мен 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс съезінде атап өткен негізгі 7 бағыт бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысына арналады.
Сауалдар «электрондық үкіметтің» порталында - www.e.gov.kz- тамыздың 15-і мен 25-і аралығында қабылданады. Ал оларға берілетін жауаптар порталға тамыздың 27-сінде орналастырылады.