Экономикада дәл жоспарлаудың деңгейін көтеру керек
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық экономика - мононысан емес. Бұл көптеген аймақтық экономикалар. Ол шектеусіз емес. Біз өте дәл әрекеттерді жасаумыз керек. Бұл үшін дәл жоспарлаудың деңгейін көтеру керек», дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік және жергілікті басқару институты директорының орынбасары Әлия Кенжебаева. Оның пайымдауынша, қоғамдағы қордаланған әлеуметтік мәселелер ауқымды және ғаламдық бағдарламалармен емес, тек дәл жоспарлармен ғана шешіледі. Бұл туралы Канаданың әйгілі экономистері ғаламдық деңгейде ойлап, жергілікті деңгейде әрекет жасау керек дейді. Өкінішке орай, бізде жаһандану көп. Олар көп жағдайда жергілікті жағдайға сәйкестендірілмеген. Сондықтан олардың нәтижесі көбіне о баста ойлағандай жоғары деңгейде болмауда.