Экономикадағы өндіріс секторы ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр - Сүлейменов
АСТАНА. KAZINFORM – Экономикалық белсенділік артып келеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

- Экономикалық белсенділік артып келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша қаңтар-сәуір айларында жалпы ішкі өнім қарқыны 6 пайызға барды. Оған себеп – мұнай өндірісінің қалыпқа келуі және шикізаттық емес салалардағы қарқынның артуы. Ең жоғары өсім 22,4 пайызбен көлік және қоймалау саласында, оның ішінде құбыржелісі көлігінде және құрылыс саласында да байқалды –16,2 пайыз. Мұның бәрі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуымен тығыз байланысты, - деді ол.
ҰБ төрағасының айтуынша, баға өсімі тіркелген салаларда еңбек өнімділігі артқаны да байқалады. 2025 жылғы бірінші тоқсанда өнім беру көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі салаларында нақты жалақының динамикасынан асып түсті. Бұл жақсы фактор, өйткені шығындарға тосқауыл болып, бірқатар секторда дезинфляциялық әсер қалыптастырды.
- Соған қарамастан экономикадағы өндіріс секторы ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық сақталып, инфляциялық қысымды күшейте түсті, - деді Тимур Сүлейменов.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов криптовалютаға инвестиция салуға қатысты пікір білдірген еді.