Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан өнімдерін экспорттаудағы нарықты қамтамасыз етуге дайын

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/- Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан өнімдерін экспорттаудағы нарықты қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының депутаттарымен кездесу барысында осы мәселеге байланысты қойылған сауалға жауап беру кезінде Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, Кедендік одақта біздің кәсіпкерлер үшін бәсекелестіктің артуы басты мәселелердің бірі. Қазіргі кезде Ресеймен арада ешқандай кедергі жоқ. Өйткені, біз емін-керкін сауда режимінде жұмыс істедік. Сол кедергісіз тауарлар мен қызметтер келіп жатыр»,-деді министр.

Алайда Қазақстан үшін кейбір кедергі болғанын ескеріп өткен Ж. Айтжанова, «ауыл шаруашылығы тауарларын біз оларға шығара алмадық. Қазір осы салада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда Қазақстан ет және ет өнімдерін Ресей нарығына өткізу тұрғысында ауқымды шаралар атқарылуда», деді.

«Сонымен қатар сол экспортталатын тауарлар елімізде жеткілікті түрде өндіріліп жатыр ма?-деген сауал туындайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі нарық болса, тауар да болады деген ұстанымға бекінуде. Сондықтан нарықты Экономикалық даму және сауда министрлігі ретінде қамтамасыз етеміз, ал тауарды салаға жауапты ведомстволар қамтасыз етуі тиіс»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар