Экономикалық қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ҚР азаматы Тайландтан экстрадицияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратура және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Таиландтағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Экономикалық қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ҚР азаматы Тайландтан экстрадицияланды

36 жастағы Марат Жұпқазиев экономикалық қылмыстар жасағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің іздеуінде болған. Ол қылмыстық топ құрамында бірнеше жалған кәсіпкерлік құрғаны, бюджетке салық төлеуден жалтаруға жағдай жасауы нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4 млрд. теңге сомасында залал келтіргені үшін айыпталуда.

Қазіргі уақытта Жұпқазиев Алматы қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.