Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының жұбайы Салтанат Ахановаға қатысты баспасөзде жарияланған ақпарат жалған - Бас прокуратура

ТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының жұбайы Салтанат Ахановаға қатысты баспасөзде жарияланған ақпарат жалған.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының жұбайы Салтанат Ахановаға қатысты баспасөзде жарияланған ақпарат жалған - Бас прокуратура

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.

Оның сөзінше, 17 тамыз күні Бас прокуратураға С. Аханова келіп, бірқатар баспасөз беттерінде өзі туралы жарияланған мәліметтерді тексеруді сұраған. Сондай-ақ, ол шет мемлекетте өзінің ешқандайда есепшоты немесе жылжымайтын мүлкі жоқтығын айтқан. «Біз бұл мәселеге қатысты Біріккен Араб Әмірліктерінің құзырлы органдарына сұрау салдық. Дубай қаласы департаментінің біздің сұрауымызға берген жауабында Дубайда С. Аханованың ешқандай да жылжымайтын мүлкі жоқтығын хабарлады. Бұған қоса «Дубайбанк» банкінің өкілдері ресми түрде С. Аханованың ол банктен ешқандай есепшот ашпағандығын мәлімдеді.

Сондай-ақ, аталмыш банк Қазақстандағы кейбір ақпарат құралдарында жарияланған «Дубайбанк» мәліметтерінің көшірмелерінің жалған екендігін жария етті»,-деді Ж. Өмірәлиев.