Экономикалық қылмыстың алдын алуда заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі институтын енгізудің маңызы зор - Р. Сойер

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Экономикалық қылмыстың алдын алуда заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі институтын енгізудің маңызы зор.

Экономикалық қылмыстың алдын алуда заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі институтын енгізудің маңызы зор - Р. Сойер

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойына өткен «дөңгелек үстел» барысында Грац университетінің (Австрия) қылмыстық құқық профессоры Рияард Сойер осылай мәлім етті.

Шетелдік білікті сарапшының айтуынша, Еуропалық Одақ пен Австрия елдерінде заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жиі орын алатын тәжірибе. Оның ішінде мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғалар да қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатады. «Австрия заңнамаларына келетін болсақ, заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту іс жүзінде жүзеге асырылып келеді. Әйтсе де, бұны басқа елдермен салыстырғанда айыппұлдардың тым төмендігіне қатысты сынайтындар да баршылық. Дегенмен, статистикалық деректер осының өзі де экономикалық қылмыстың алдын алуға септігін тигізетіндігін көрсетіп отыр», - деді Р.Сойер.

Осыған қатысты бірқатар мысалдарды алға тартқан профессор, заңнаманы жетілдірудегі тәжірибелерді де атап өтті.