Экономикалық қызметтің қандай түрлері креативті индустрияға енеді
Құжатта көрсетілгендей, креативті индустрияға енетін экономикалық қызмет түрлерінің тізімі:
- Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру қызметі;
- Зергерлік бұйымдар мен ұқсас бұйымдар өндірісі;
- Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларды шығару бойынша қызметі;
- Музей қызметі;
- Оқу залы, дәрісхана, демонстрациялық залдардың қызметін қоса алғанда, кітапхана қызметі;
- Концерт қызметі;
- Концерттік және театр залдарының қызметі;
- Қуыршақ театрларының қызметі;
- Театр қызметі;
- Цирк қызметі;
- Тарихи орындар мен ғимараттардың және осыған ұқсас туристік орындардың қызметі;
- Дыбыс жазу және музыкалық шығармалар шығару саласындағы қызметі;
- Музыкалық аспаптарды жасау;
- Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілерін қоспағанда, сәулет саласындағы қызмет;
- Мамандандырылған дизайнерлік қызмет;
- Ақпараттық агенттіктердің қызметі;
- Радиохабар тарату;
- Телевизиялық бағдарламаларды құру және тарату жөніндегі қызмет
- Фотография саласындағы қызмет;
- Әр түрлі ағаш бұйымдарын жасау;
- Басқа топтамаларға енгізілмеген шыны бұйымдарын жасау;
- Басқа топтамаларға енгізілмеген киім мен аксессуарлардың өзге де түрлерін жасау;
- Басқа топтамаларға енгізілмеген басқа тоқыма бұйымдарын өндіру;
- Кәдесый бұйымдарын жасау;
- Киіз бұйымдарын жасау;
- Киімнен басқа тоқыма емес тоқыма бұйымдарын өндіру;
- Кілемдерді және кілем бұйымдарын жасау;
- Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
- Қайыс-ертоқым бұйымдарын жасау;
- Ойындар және ойыншықтар өндіру;
- Өзге де тоқылған және тоқылған киімдер өндірісі;
- Өзге де керамикалық бұйымдар жасау;
- Пышақ бұйымдар жасау;
- Сағаттардың барлық түрлерін құрастыру;
- Соғу, престеу, штамптау және профильдеу арқылы дайын металл бұйымдарын немесе жартылай фабрикаттарды өндіру;
- Фарфор мен фаянстан тұрмыстық-шаруашылық бұйымдарын жасау;
- Шаруашылық-тұрмыстық қыш бұйымдарын өндіру;
- Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу;
- Компьютерлік ойындар шығару.
Тізімге жалпы саны 47 қызмет түрі енді.
«Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызып, тиісінше қолдау шараларын көрсетуге, сонымен қатар креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында белгіленген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Атап айтқанда, креативті индустриядағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының 1,5 есеге өсіру жоспарланған, яғни 2023 жылы – 66 000, 2024 жылы – 73 000, 2025 жылы – 80 000», - деп түсіндірме берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкімет қаулысына.
Құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.