Экономикалық одақ мүшелеріне конструктивті пиғыл керек - Тоқаев
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында одақтас елдердің негізгі мүдделерін айқындап алуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Экономикалық одақ елдері үшін негізгі мүдделерді екшеп алып, экономикалық, идустриалдық, сауда салаларына күш салу және соның бәрін бірыңғай арнаға түсіру маңызды деп топшылаймын», - деді Президент.
Сондай-ақ, ол экономикалық одақтың әрі қарай дамуы одақтар арасында конструтивті пиғыл болғанына байланысты екенін атап өтті.
«Бұл ешқандай асыра айтпасақ та аса күрделі, амбициялы міндет. Асқан жоғары білім, дипломатиялық қарым-қабілет, ең бастысы, әріптестердің мүддесін ескеретін конструктивті пиғыл қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.