Экономикалық саясат жөніндегі кеңес электр энергетикалық саланы түрлендіру және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды одан әрі басқару мәселелерін талқылады

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Экономикалық саясат жөніндегі кеңес электр энергетикалық саланы түрлендіру және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды одан әрі басқару мәселелерін талқылады

ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің мүшелері отандық электр энергетикалық саланы түрлендіру сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды одан әрі басқару мәселелерін талқылады.