Экономикалық саясатты жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда - National Business Forum-2009 spring

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Дәурен Жайлин/ - Біз елдің экономикалық саясатын жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз.
None
None
Бұл туралы Үкімет жанындағы Дағдарысқа қарсы кеңес төрағасының орынбасары Райымбек Баталов кеше Алматыда өткен National Business Forum-2009 форумында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бірінші кезекте, біз салалық мәліметтер базасын жасау және салаларға талдау жұмыстарын жүргізу мәселелерін көтеріп отырмыз. Салалардағы ағымдағы жағдайды түсінудің маңызы зор. Салалық базаларды жасау Үкіметке мониторинг жұмыстарын сапалырақ жүргізуге және сәйкесінше, бизнестің қазақстандық мазмұнын арттыра түсуге мүмкіндік береді, деп санаймыз», - дейді Р.Баталов. Дағдарысқа қарсы кеңестің экономикалық саясатты жетілдіру жөніндегі бағдарлама аясында салаларды қаржылық тұрақтандыру және салалық кәсіпорындарды атаулы қолдау жөніндегі жедел шараларды әзірлеп жатқанын атап көрсеткен Р.Баталов: «Менің ойымша, жақын арада Үкімет кәсіпорындарды атаулы қолдауға мүмкіндік беретін бірнеше нақты шараларды жария етеді. Бұл тұрғыда, бүгінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тәжірибесі өте маңызды. Бірінші кезекте, пайыздық ставкаларды субсидиялаудың нұсқалары қарастырылып, қазақстандық тауар өндірушілердің желілік кәсіпорындары мен бірқатар басқа да қаржылық тетіктер арқылы факторинг жүргізу мәселесі зерттелуде», - деді. Дағдарысқа қарсы кеңестің Үкіметпен бірлесіп, салалық және аймақтық шеберлік-жоспарларын әзірлеп жатқаны белгілі болды. Үкімет бүгінде шеберлік-жоспарлары әзірленіп жатқан төрт саланы анықтап отыр. «Салалық бағдарламалардың көп екенін біз түсінеміз, бірақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаларын талдап жасау барысында, біздің белсенді атсалысуымыз ол бағдарламаларды әзірлеудің нәтижесінде салаларды дамытудың нақты бизнес-жоспарына айналатын бағдарламаларға қол жеткіземіз деген үміттеміз», - дейді Р.Баталов.
Соңғы жаңалықтар