Экономикалық тергеу қызметінде қандай өзгеріс болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Экономикалық тергеу қызметі қандай қылмыстармен айналысатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экономикалық тергеу қызметінде қандай өзгеріс болады

Оның айтуынша, кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар аясындае Экономикалық тергеу қызметі қайта бағдарланады. Осы орайда мынадай қылмыстар ескерілген:

- мұнай және мұнай өнімдерінің, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы;

- капиталдың заңсыз ағымы;

- бюджет қаражатын, оның ішінде квазимемлекеттік секторда жымқыру және ысырап ету;

- салық төлеуден жалтару;

- жалған шот-фактуралар.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Экономикалық тергеу қызметінің жұмысын көлеңкелі экономикамен күреске қайта бағдарлауды тапсырған еді.