«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы жаңа президенті тағайындалды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат. Экономикалық даму және сауда министрлігінің жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы жаңа президенті болып Мұханов Мақсат Нұрдәулетұлы тағайындалды, деп хабарлайды ЭДСМ баспасөз қызметі.

 «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы жаңа президенті тағайындалды

Мұханов М.Н. 1967 жылы туған, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университеті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебінде оқыған.

1993-1996 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі мен Өнеркәсіп және сауда министрлігінде қызмет еткен.

1997-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде еңбек еткен.

1999-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Қызметі Талдау орталығында сектор меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2002-2003 жылдар аралығында Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі жанындағы «Экономикалық Зерттеулер Институтында бас директордың орынбасары қызметінде болған.

2003-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2006 жылдың маусым айынан 2008 жылдың ақпан айына дейін «Қазына» Орнықты Даму Қоры» АҚ Басқарушы директоры-корпоративті хатшысы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылдың ақпан айынан бері Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде Стратегиялық есеп пен талдау орталығын басқарған.