Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 2010-2014 жылдарға арналған ҚР-дағы инновацияны дамыту мен технологиялық жаңғыруға көмектесу туралы бағдарламаның жобасын талқылады

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін күннің екінші жартысында Үкімет үйінде Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
None
None

Отырыс жұмысына Парламент депуттартары, орталық атқарушы органдардың жетекшілері, ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында инновацияны дамыту мен технологиялық жаңғыруға көмектесу жөніндегі бағдарлама жобасын талқылады. Сондай-ақ, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға арнаған Мемлекеттік бағдарлама аясында ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірлеп жатқан елдегі 2010-2014 жылдарға арналған қазақстандық үлесті дамыту жөніндегі салалы бағдарламаның да жобасы қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министріне енгізілген ұсыныстарды ескере отырып, жобаны аяқтау тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар