Экономиканы жаңғыру жөніндегі мемлекеттік комиссия шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға қатысатын ЕДБ мен қаржы ұйымдарының мақұлдады

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 26-шы мәжілісі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бүгін «Ақордада» ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық қорды басқару жөніндегі Кеңес шешімдерін іске асыру аясында Мемлекеттік комиссия шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламасын және олар бойынша шектелімдерді жүзеге асыруға қатысатын екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) мен қаржы ұйымдарының тізбесін қарады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов Мемлекеттік комиссия мүшелеріне жұмысты бағалаудың арнайы әдістемесі және нақты өлшемдері бойынша сұрыпталған ЕДБ мен қаржы ұйымдарының тізбесін ұсынды. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына сәйкес ЕДБ арқылы қайтарымды негізде шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылай қолдауға 120 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Мәжіліс қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға қатысатын ЕДБ мен қаржы ұйымдарының тізімін, сондай-ақ экономиканы тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен олардың әрқайсысы бойынша шектелімдерді мақұлдады.
Соңғы жаңалықтар