Экономиканың өңдеу саласындағы өнімдерді экспорттауды дамыту мәселелері талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырысты «KAZNEX» экспортты дамыту корпорациясы» мен ҚР Сауда және индустрия министрлігінің Сауда комитеті ұйымдастырды. Отырыс барысында 2009 жылдың өңдеу саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмыс қорытындысы жасалынып, он-лайн режимінде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық-маркетингтік орталық пен www.kazbc.kz электрондық сауда алаңының таныстырылымы өтті. Отырысқа ҚР Сауда және индустрия министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев, «KAZNEX» АҚ-ның экспортты дамыту және алға жылжыту департаментінің директоры Жәлел Болатов және т.б мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
«KAZNEX» корпорациясының негізгі мақсаты отандық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік нарыққа шығаруға көмек көрсету болып табылады. Бүгінгі отырыс барысында осы бағытта тағы бір қадам жасап отырмыз. Жаңа портал мен сауда алаңы жұмыс істей бастады. Бұл отандық тауарды шет елге шығаруға жасалған тағы бір маңызды қадам», дейді «KAZNEX» АҚ-ның экспортты дамыту және алға жылжыту департаментінің директоры Жәлел Болатов.