Экономист АҚШ-тағы жүздеген банк банкрот алдында тұрғанын айтты

None
Фото: pinterest.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2008 жылғы дағдарысты болжаған экономист Нуриэль Рубини АҚШ-тағы жүздеген банк банкротқа ұшырауы мүмкін дейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Bitcoin.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нуриэль Рубини таяуда жариялаған мақаласында банктердің 620 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі бағалы қағаздар бойынша іске асырылмаған шығынға ұшырағанын айтады.

«Одан да жаманы, жоғары пайыздық мөлшерлеме банктердің басқа активтерінің нарықтағы құнын төмендетті. АҚШ-та банктердің іске асырылмаған шығындары іс жүзінде 1,75 триллион долларды немесе олардың капиталының 80% құрайды», - деп жазды ол.
Ол сондай-ақ өз мақаласында «депозиттік франшиза» деп аталатын тұжырымдаманы атап өткен. Салымшылар өздерінің депозиттерін қауіпсіз емес деп есептептеген, бұл сенімнің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар