Экономистер 2017 жылғы болжамдарын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары Қазақстанның 2017 жылғы экономика өсіміне қатысты болжамдары Үкіметтің жасаған болжамдарынан жоғары болып шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Экономистер 2017 жылғы болжамдарын жария етті

"Біздің болжамдарымыз бойынша, Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қатерлер төмендеді. 2017 жылы ел экономикасына экономикалық белсенділік, xалық кірісінің артуы, сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінің өсуі қолдау жасайды. Экономикалық зерттеулер институты 2017 жылы экономикалық өсім 2,7 пайыз болады деп жоспарлауда", - деді институт жанындағы аналитикалық зерттеулер орталығының директоры Сара Алпысбаева бүгін Астанада Үшінші жаңғыртуға қатысты өткен дөңгелек үстелде.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі ЖІӨ болжамды деңгейін 1,9 пайыздан  2,5 пайызға дейін көтерген болатын.

Сара Алпысбаеваның айтуынша, Қазақстан үшін ең төменгі болжамдарды Дүниежүзілік банк жария етті, небәрі 2,2 пайыз.

"Шикізат экспорттаушы мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда, біз өсім болатынын болжап отырмыз. Дегенмен ол біздің біршама тұрақты екенімізді білдірмейді. Модель одан өзгермейді. Біз шикізатқа тәуелді болып қалудамыз. Меніңше, Президент өзінің Жолдауында атап өткен үрдістер экономика үшін өте маңызды, әсіресе институционалдық өзгерістердің орны ерекше", - деді өз кезегінде экономист Ільяс Сәрсенов.